Қазақстанның туристік аймақтарындағы көрікті орындарды мобильді қосымша арқылы 3D-форматта тамашалауға болады. Kazakh Tourism және Yandex Qazaqstan компаниялары Карты қолданбасында Алматы мен Астананың көрнекі жерлерінің 3D-өлшемді үлгілері пайда болды.
Қосымша арқылы Астанада «Бәйтерек» монументін, «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасын, «Астана Опера» театрын, Орталық мешітті, EXPO халықаралық көрме орталығын көруге болады. Алматының 3D модельдерінің ішінде «Қазақстан» қонақүйі, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, «Көктөбе» телемұнарасы, сондай-ақ 27 маусымда Yandex Qazaqstan Day технологиялық конференциясы өтетін «Медеу» спорт кешені бар.
«Басты міндетіміз — шартты белгілерге азырақ сүйеніп, шынайы өмірден таныс нысандарды көбірек көрсететін заманауи, интуитивті карталарды жасау. Осылайша Kazakh Tourism...