Бала бір жарым жасқа толғанға берілетін жәрдемақыны кімдер ала алады?
Жүкті және босанған әйелдерге арналған төлем, жәрдемақы жайлы толық ақпарат бергенді жөн көріп отырмыз. Себебі мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы жыл сайын өзгеріп отырады. Айталық, биыл 1 қаңтардан бастап бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы 1,5 жасқа дейін берілетін болды. Бүгінгі материалда биылғы мөлшердің қандай екеніне тоқталамыз. Сонымен қатар декреттік демалысқа шыққан әйелдерге төленетін бір реттік төлемді қалай есептеу керегін де түсіндіреміз.
Төлем мен жәрдемақы түрлері
Алдымен мынаны есте ұстаңыз. Жүкті және босанған әйелдерге берілетін төлемнің үш түрі болады: босанғанға дейін, босанған соң және бала бір жарым жасқа толғанша берілетін жәрдемақы...