Алматыда өткен 2024 жылғы шахматтан Қазақстан Кубогының финалдық турнирінде 24 жастағы павлодарлық гроссмейстер Денис Махнёв пен ФИДЕ туы астында өнер көрсеткен 21 жастағы Екатерина Гольцева жеңіске жетті. Турнир классикалық шахмат бойынша нокаут жүйесінде ұйымдастырылып, 12 қарашада басталды.
Ерлер арасындағы финалға 2021 жылғы Қазақстан чемпионы, халықаралық гроссмейстер Денис Махнёв пен 2022 жылғы ел чемпионы Рамазан Жалмаханов шықты. Екеуі де жартылай финалда армагеддонға дейін жетіп, қарсыластарын тізе бүктірген болатын.
Финалдық ойын Денис Махнёвтің шеберлігі мен стратегиясына негізделді. Классикалық және рапид партияларында тең есеп тіркелсе, блицтің бірінші партиясында Махнёв қара фигуралармен қарсыласын жеңді. Ақ фигуралармен екінші партияда да үстемдік көрсетіп, 4–2 есебімен жеңіст...