«Курсив» пен «Шеврон» компаниясының «Нағыз Қазақстан» жобасының авторы Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданындағы Первомайский кентінде болып, кезінде дүркіреп тұрған Ертіс химия-металлургия зауыт жабылған соң, ауылдың күйі кеткенін көріп қайтты.
Редакциядан: Жоба авторының пікірі немесе қалада болып жатқан қандай да бір үрдіске берген субъективті бағасы редакцияның немесе «Шеврон» компаниясының пікірін білдірмейді.
Первомайский елдімекені аудан орталығы Шемонаихадан 40 шақырым жерде орналасқан. 1996 жылға дейін бұл жергілікті инфрақұрылымы дамыған, тұрғындарын осындағы кәсіпорын түгел жұмыспен қамтыған мекен еді. Жергілікті химия-металлургия зауыты бүкіл Кеңес Одағындағы осы бағытта жұмыс істейтін жылғыз зауыт болатын, зауыт жоғары сапалы ниобий шығарды. Бұл кәсіпорында ауылдың еңбекке қабілетті бүкіл тұрғыны, яғни 4000-ға жуық адам жұмыс...