2023 жылы экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Клаудия Голдинге «әйелдердің еңбек нарығындағы жағдайын түсінуге көмектескені үшін» берілді.Бұл туралы Интефакс ру хабарлады.
«Әйелдің еңбек нарығындағы рөлін түсіну қоғам үшін маңызды. Клаудия Голдиннің зерттеуінің арқасында біз қазір негізгі факторлар туралы және болашақта қандай кедергілерді жою керек екендігі туралы көбірек білеміз», – деді экономика ғылымдары бойынша сыйлықтар комитетінің төрағасы Якоб Свенссон.
Голдин Альфред Нобельді еске алуға арналған экономикалық ғылымдар бойынша Швеция Ұлттық Банкінің сыйлығымен марапатталған үшінші әйел болды.
Американдық экономист, тарихшы және гендерлік маман Клаудия Голдин 1946 жылы Нью-Йоркте дүниеге келген. 1967 жылы Корнелл университетінде экономика бакалавры дәрежесін алды, 1969 жылы Чикаго...