Қазақстан азаматтарының жеке куәлігінің көшірмесін жасап, жасауға тыйым салатын норма қалай жұмыс істейтіні туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков айтты. Бұл норма «Ақпараттық қауіпсіздік туралы» заң жобасында көрсетілген.
Вице-министр енді азаматтың жеке куәлігі көшірмесі талап етілмейтінін атап өтті. Себебі құжаттың өзін көрсетіп, одан қажетті деректерді көшіріп алса, жеткілікті. Шенеунік бұл норманың куәліктің қағаз көшірмесі ғана емес, цифрлық көшірмесіне де қатысты екенін түсіндірді.
«Мәселе мынада, қазір бұл мәселе нақты реттелмеген. Алайда қазір депутаттар ұсынып отырған жобада көшірме жасауға тыйым салынбақ. Әрине, көшірме жасауға рұқсат етілген ерекше жағдайлар бар», – деді Мәлік Олжабеков.