Кәсіпкерлікпен айналысқан Ақтау қаласы әкімінің орынбасарына 483 мың теңге айыппұл салынған. Бұл жайлы Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы Шамурайт Шаменов айтты.
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 154-бабына сәйкес, ҚР заңнамасында көрсетілген кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынғанын біле тұра, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған. Әкім орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 483 мың теңге көлемінде айыппұл төлеген.
«Есептік кезеңде Департаментпен 30 әкімшілік хаттама толтырылып, бюджетке 10 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төленді», деді Департамент басшысы
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге...