Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «Қазақстан» спорт кешенін жөндеуге жаңа инвесторлар іздестіріліп жатқанын айтты. Бұл кешен екі жыл бұрын словакиялық ColosseoEAS компаниясына берілген болатын. Алайда бұл компания ешқандай жөндеу жұмыстарын жүргізбеген.
Сол себепті де нысанды басқа инвесторға беру туралы шешім қабылданған. Әкімнің айтуынша, елордада спорт нысандары қажет. Оларды салу үшін әкімдік жеке инвестиция тартуға тырысып жатыр.
«Сонымен қатар қаланы аралау кезінде мен «Қазақстан» спорт кешенінде болдым. Менің ойымша, көптеген елордалықтар мен қала қонақтары онда бір емес, бірнеше рет болып, бос уақыттарын тиімді өткізген болар. Бұл нысан Алматы ауданының тартымды орны саналады. Алайда спорт кешені қауіпт...