Су фильтрін шығаратын зауыт ашқан кәсіпкер. Фото: жеке архив
Трамп Айдарханов – елімізде су фильтрін шығаратын зауыт ашқан тұңғыш кәсіпкер. Бұл кәсіпке ол 2016 жылы кіріскен. Содан бері зауыттың қуаттылығы артып, мүмкіндіктері молайып, тауарлары экспортқа шыққан және ел ішінде де таралу географиясы үлкейе түскен. Зауытты ашу барысында отандық кәсіпкерлікті қолдау шараларын тиімді пайдаланған.
Кейіпкеріміз әуелі, 2012 жылы Алматыда вендинг аппаратын орнатады. Арада төрт жыл өткенде фильтр бағасы күрт қымбаттай бастайды. Ол кезде Қазақстанға фильтр жеткізумен Ресей кәсіпкерлері айналысқан. Олар «біз қандай баға қоямыз, сол бағамен аласыңдар» деп жауап береді қымбатшылық туралы шағымға. Бағаны Ресей емес, Қытай да қымбаттатқан. Олардан...