Заң консультанттары мен адвокаттар әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге қосқан үлесі үшін марапаттала бастайды. Тиісті бұйрықты Әділет министрлігі бекітті.
«Осы бұйрықтағы 1-қосымшаға сәйкес кешенді әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін мемлекет тарапынан ынталандыру қағидалары; осы бұйрықтағы 2-қосымшаға сәйкес кешенді әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасы; осы бұйрықтағы 3-қосымшаға сәйкес кешенді әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін марапаттау парағының нысаны бекітілсін», делінген құжатта.
Бекітілген ережелерге сәйкес кешенді әлеуметтік құқықтық көмек көрсетуге елеулі үлес қосу үшін мемлекеттің ынталандыру тәртібі енгізіледі. Ынталандыру негізінде медальдар, төсбелгілер...