Қазақстан жыл басынан бері 12,6 млн литр сыра сатқан. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлады.
«Қазақстаннан сыра экспорты көпжылдық максимумға жетті. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 12,6 миллион литр сусын шетелге сатылды, бұл бір жыл бұрынғы айлармен салыстырғанда бірден үш есе көп», – делінген бюро хабарламасында.
Бюро мәліметінше, бұл соңғы он жыл ішіндегі ең үлкен көрсеткіш. Әсіресе, Ресей, Беларусь, Қырғызстан елдеріне экспорт көлемі артқан. Оның ішінде ең көп сыр сатып алған ел Ресей екен. Бұл елге жеткізілген сусын көлемі осы жылы 24%-ға өсіп, 7,5 млн литрді құраған. Бұл – Қазақстанның Ресейден басқа шет...