Еліміз бойынша интернет жететін аймақтарда «Туристке арналған sos-батырма» қауіпсіздік жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты.
«Экотуризмге сұраныстың артуын ескере отырып, ұлттық саябақтарға бару көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ұлттық саябақтарға 2,4 миллионнан астам адам келді. Бүгінде Қазақстан бойынша 16 визит-орталық жұмыс істейді, оның ішінде 7-уі ұлттық парктер аумағында орналасқан. Өткен жылы Алтын-Емел, Шарын және Іле-Алатауы ұлттық парктері жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық 3 жаңа визит-орталықпен толықтырылды», – деді ол.
Министр алдағы жазғы маусым қарсаңында азаматтар мен туристер үшін қауіпсіздікті сақтау өте маңызды екендігін атап өтті.