Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) Абылай Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс қаралды.
Абылай Мырзахметов 2022 жылдың мамыр айынан қазан айына дейін Б.-ға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары арқылы ағасын қамаудан босата алатынын және оған қатысты сотқа дейінгі істі тоқтататынын айтып сендірген.
Жәбірленушіні көпе-көрнеу жаңылыстырып, алаяқтық жолмен қарыз шарттарын ресімдеген. Сөйтіп Б.-ның аса ірі мөлшерде 13,9 млрд теңге сомасында ақшалай қаражатын жымқырған.
Прокурор айыптауды қолдады. Сотталушы кінәсін мойындап, әділ жаза тағайындауды, қорғаушылар іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Ауданаралық сот Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігін...