Сарапшылар Android құрылғыларында онлайн-банкингке бұзып кіруге таплыныныс жасайтындар пайда болғанын хабарлады.
«Касперский зертханасының» сарапшыларының дерегінше, қаскөйлер оны жалған қолданба арқылы банк мобильді қосымшаларын бұзатындардың анықталғанын хабарлап отыр.
Қандай құрылғы? Шабуылдаушылар қашықтан басқарылатын заңды қолданбалардың көшірмесін жасайды, Google Play-дегі нұсқасын модификациялау арқылы адамдарды әдейі шатастырып, алдайды. Заңды қолданбалар – бұл ашық бастапқы бағдарламалар, сондықтан шабуылдаушылар үшін олардың негізінде жалған бағдарламалар жасау қиын емес. Сондай-ақ, сарапшылар дайын орнату пакеттерін модификациялаушылар бар екенін анықтады.
Схемасы қандай? Алдымен алаяқ ықтимал жәбірленушіге мессенджер арқылы қоңырау шалады. Ол өзін банктің қолдау қызметкері ретінде таныстырып, адамды файл — орнату пакеті түрінде жіберілген қолданбаны орнатуға шақырады...