ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысушы ел делегациясының басшысы ретінде Шанхайда өткен Қытайдың 6-шы халықаралық импорттық көрмесінің (ҚХИК) ресми ашылу салтанатында сөз сөйледі.
Үкімет басшысы қазіргі таңда бұл ауқымды көрме жыл сайын әлемнің 130-дан астам елінің өкілдері қатысатын жаһандық іскерлік алаңға айналғанын атап өтті.
«Еліміздің көрмеге мәртебелі қонақ ретінде қатысуы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының жаңа кезеңі аясында өтіп отыр. Кезекті 30 жылдық циклде біздің елдеріміздің экономикалық кооперация аясындағы өзара іс-қимылы маңызды рөл атқаратын болады. Осы тұрғыда біз үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз», — деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министр болашақта бірлескен кәсіпорындардың өнім көлемі мен тауар айналымындағы үлесі арта түсетініне...