Жұма күні Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 6 теңгеге жуық арзандады. Ұлттық банктің 27 қазанға бекітке ресми бағамы 1 долларға шаққанда 476,28 тиын болған еді.
Ал, 28-30 қазанға арналған ресми бағам 470,30 теңге болып белгіленді.
Қазақстан қор биржасындағы кешкі 17.00-дегі мәлімет бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 470,22 теңгені құрады. Осылайша бағам 5,88 теңгеге құлдырады.
Ал, рубльдің орташа сараланған бағасы 5,01 теңге болды. Ұлттық банктің жұма күнгі рублгіге қатысты бағамы 5,09 теңге болған еді. Ал, алдағы сенбі-жексенбіге ресейлік ақшаның ресми бағамы 5,04 теңгені құрады.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде...