Достық-Алашаңқай станциялары бойынша Қазақстанна ҚХР-ға жүк тасымалдау баяулаған / Фото: kursiv.media
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Достық-Алашаңқай станциялары бойынша жүк тасымалдау баяулады. Бұл жай ҚТЖ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
«Достық және Алашаңқай станцияларында қалыптасқан ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстаннан ҚХР-ға жүк қабылдау баяулады. Атап айтқанда, Қытай астық тасымалдаушыларды, астық жүктері мен ұнтақ өнімдері бар жабық вагондарды, өсімдік майы бар цистерналарды қабылдамай жатыр. Алашаңқай станциясында терминалдардың жұмысы тоқтатылды»,- делінген хабарламада.
Компанияның хабарлауынша жүк және контейнерлік пойыздар күтуге көшкен. 12-13 желтоқсан аралығында түнде пойыздарды беру толығымен тоқтатылса, ал күндіз-пойыздардың орташа тәуліктік алмасуы 5 есеге төмендеген. Бұрын шекарада...