«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылдың 9 айында таза пайдасын 39,2 пайызға артырды. қаржы ұйымы былтыр қаңтар-қыркүйек айларында – 103,6 млрд теңге таза пайда алса, биыл осы кезеңдегі таз табысы 144,2 млрд теңгеден асқан. Бұл туралы банктің шоғырландырылған аралық есебінде жазылған.
Қаржы ұйымының салық төлегенге дейінгі пайдасы 1,5 есе өсіп, 113,6 млрд теңгеден 177,2 млрд теңгеге жеткен. Таза пайданың артуына банктің пайыздық кірісінің артуы себеп. 2023 жылдың 9 айында 378 млрд теңге пайыздық кіріс алса, биыл бұл көрсеткіш 40 пайыз өсіп, 532 млрд теңгеге жеткен.
Банк активтері 2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда 14,7 пайыз өсіп, 6 трлн теңгеден асты...