Бүгін, 28 маусымда елімізде Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Қазақстанда БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесін 28 маусымда атап өтуінің тарихи негізі бар. Дәл осы күні, 1997 жылы 28 маусымда, сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» алғашқы Заң қабылданған болатын. Бұл заң еліміздің ақпарат саласындағы қатынастарды реттеп, журналистиканың құқықтық негізін қалыптастырды.
Ал 1998 жылдан бастап, 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде ресми түрде аталып өтетін болды. Содан бері бұл күн – қоғамдағы маңызды миссияны арқалап жүрген ақпарат саласы мамандарына арналады.
Қазіргі таңда Қазақстанда 4 800-ден астам бұқаралық ақпарат құралы ресми тіркелген...