Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны ұлғаятын болды. Сонымен қатар еліміздің Азаматтық авиация комитеті ҚХР авиациялық билік орындарымен бірлесіп «Air China»әуе компаниясының Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіру мәселесін пысықтады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нәтижеснде 21 сәуірден бастап Air China әуе компаниясы Бейжің – Сиань – Астана бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері тікелей жолаушылар рейсін орындауды бастайды. Рейстер Airbus-A320 типті әуе кемелерінде орындалады.
Ал, Қазақстан тарапынан «Air Astana» әуекомпаниясы маусым айынан бастап Астана – Бейжің бағыттары бойынша орындалатын рейстер санын аптасына...