Егістік пен жайылымдық жерлерді өңдегенде, топан суды жерге сіңіруге болар еді

Қанат Ақшалов ғалым
А.И. Бараев АШҒӨО, Өсімдік бөлімінің меңгерушісі

Қазақстанның 10 облысында болған су тасқыны жайылым мен егістік алқаптарына эпидемиологиялық және экологиялық қауіп тудырды ма? Материалдық шығынды айтпағанның өзінде ауылшаруашылығын зерттеп жүрген маман ретінде айтарым, ауылды жерлерге көп зардабын тигізді. Үлкен шығын әкелді.  Алқаптар судың астында қалған жоқ, бірақ алқаптардағы су өзендерге барып құйылды. Бұл жердің құнарлылығына әсер етеді. Егер осы су жерге сіңсе, егіндікке пайдасы көп болушы еді.

Көлбеу жазық жерден су көп ағып кетті. Салдарынан сай пайда болды. Көп су жерге сіңбей, төмен ағып кетті. Біз, Бараев атындағы ғылыми институт Ақмола облысы Шортандыда орналасқанбыз. Осы мәселені бірнеше жыл бойы айтып келеміз.

Тасқынды тудырған қардың суы. Сол қардың суын дұрыстап пайдалану керек. Қардың суы алқапта қалмайды. Сондықтан қар суының 60-70%-ын алқапта қалдыруға мүмкіндік бар. Алдымен жерді өңдеуіміз керек. Ол үшін күзде алқапты жыртып дайындасақ, бір жағынан, қардың суы жерге сіңеді, ал қалғаны ағып кетуі мүмкін. Ал жайылымдық жерге келсек, судың барлығы да еш пайдаға аспай ағып кетті. Диқандардың тұқым сақтау қоймалары болады. Техникалары судың астында қалды. Тұқымдары бүлінді. Үкімет осы мәселеге көмектесуі керек. Неге десеңіз, қазір алқапқа егін себетін уақыт келді.

Су тасқынын азайтуға мүмкіндік бар. Бұрыннан келе жатқан сайлар бар. Сол сайларды өңдеу керек. Сол сайларды жөндесе, су топырақтың құнарлылығын алып кетпейтін еді. Мына топан су біраз жағдайды қиындатты. Жақында қордаланған мәселені шешу үшін А.И. Бараев атындағы ғылыми зерттеу институтының ғалымдары бірігіп талқылау үшін арнайы отырыс өткіздік. Академик Күрішбаевпен бірігіп қандай мамандарды осы салаға жұмылдыру керектігін анықтадық.

Солтүстік Қазақстанда егістік себетін алқаптарға су тасқынының көп әсері болған жоқ. Ақмола, Қостанай, Петропавловск  облысында егін салатын алқаптар су астында қалған жоқ. Қазір дәнді дақылдар себу, су алып кеткен жерді тиімді пайдалану, бірнеше шараларды іске асыру керек болып тұр. Ұсыныстарымыздың барлығын фермерлерге жеткізіп отырмыз. Тасқын судың ауыл жанындағы жайылымдық жерлерге әсері болды. Барлық су ағып кетті. Жерге сіңбеді. Көлбеу жерден келген топырақтар басып кетті. Шөп дайындау кезінде қиындық тудыруы мүмкін. Соны ескеру керек.

Көптеген су басқан аймақта мал қырылды. Биыл біздің азық-түлік қауіпсіздігіміз қандай деңгейде. Біз негізінен ет тұтынатын елміз ғой. Су тасқынынан кейін, ет қымбаттап, ет экспорты азаяды, мал шаруашылығы құлдырайды  деген қауіп те бар.Көптеген жердің құнарлығы жоғалып кетті. Соны қалыпқа келтіруіміз керек.

Биыл тұқым себетін жерлерді дайындап үлгереміз бе деген дүниеге келсек, үлгереміз. Өйткені себетін алқаптар судың астында қалған жоқ. Біздегі басты мәселе тұқым болып тұр. Тұқымның жеткізілуі қиындық тудырып тұр, субсидия мәселесі тағы бар. Фермерлер әлі тыңайтқыш ала алмай жүр. Жанар-жағармайды да уақытында ала алмай жатыр. Егер тұқым, жанар-жағармай, тыңайтқыш мәселелері шешілсе жеткен баға болар еді.

Бізге шұғыл түрде тәжірибелі кадрларды жасақтау керек. Бұл қазіргі таңда ең өзекті мәселе