«Қазпошта» бизнесін табысты етуге бола ма?

"Қазпоштаны" жекешелендіру жайлы әңгіме шыққалы 10 жылдан асты
Антимонопольный экономист

Қазпоштаны жекешелендіру туралы әңгіме шыққалы 10 жылдан асып кетті. Сонау 2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының бірқатар активтерімен бірге «Қазпошта» акцияларын қор нарығына «жыл соңына дейін» шығару көзделген еді. Қор активтерін жекешелендіруге «Қазақстанда жұмыс істейтін барлық шетелдік компанияларды» тарту жоспарланған болатын.

Поштаны жекешелендіру жоспары үнемі кейінге қалдырылып келді. Ұлттық әл-ауқат қорының 2020 жылға арналған жылдық есебінде «Қазпоштаны» жекешелендіру 2021 жылға жоспарланған болатын. Бұл үшін бірқатар қажетті қадам  да жасалды: қор KPMG халықаралық кеңесшісін тартып, ықтимал сатып алушылардың тізімін жасады. Олардың арасында 10 жыл бұрынғыдай, шетелдік инвесторлар да бар. Алайда, бұл жоспар  2021 жылы да орындалмады. Оның үстіне белгісіз уақытқа кейінге шегерілді.

2022 жылдан бері «Қазпочта» туралы 2021–2025 жылдарға арналған жекешелендіру кешенді жоспарында (бұрын IPO/стратегиялық инвесторға сату туралы айтылған жоспар) да, «Самұрық-Қазына» АҚ реформасының Жол картасында да айтылмаған. «Қазпочта» АҚ жекешелендіру объектілерінің  қазіргі (2023 жылдың қаңтар айының басындағы) тізімінде де  жоқ.

«Қазпоштаны» жекешелендірудегі мұндай сырғытпаны қалай түсіндіруге болады?

Қандай факторлар әсер етсе де, компания акцияларын сатып алушы шешуге тура келетін мәселе бар – оның пайдасыздығы. Компанияның таза операциялық кірісі 2018 жылдан бері теріс, ал шығын өсіп келеді. Компания таза табысы да, бүкіл операцияларды есепке алғанда, 2020 жылдан бері  теріс болды. 2021 жылғы шығын 7,2 млрд теңгені құраған. Бұл ретте «Қазпошта» 2,7 млрд теңгеге мемлекеттен субсидия алды. Әлбетте, компания инвесторды табысты болса ғана қызықтыратыны анық. Ол үшін компанияны қайта құрылымдау қажет, ал оған мемлекет дайын емес.

 «Қазпочта» АҚ-ын жекешелендіру мәселесін талқылағанда, «пошта» және «пошта қызметтері» деген нәрсе «жөнелтілімдерді жеткізу» мен «ақша аударымдарын» біріктіретін біршама жасанды құрылым екенін есте ұстаған жөн. Технологиялық тұрғыда, пошта қызметі көлік компаниялары мен қаржы институттары көрсететін қызметтен еш ерекшеленбейді. Пошта тасымал компаниялары секіл, әртүрлі көлемдегі жүктерді жеткізумен айналысады және көлік секторында мемлекеттік емес пошта және курьерлік қызметтерді қоса алғанда, көптеген бәсекелесі бар. Экономикалық қызмет түрлері жіктеуішінде пошта және курьерлік қызметтің «Көлік және қоймалау» секторының бір бөлігі ретінде қарастырылуы кездейсоқ емес.

Одан бөлек, ақша аударымдары саласындағы пошта қаржы институттары – банктер және Golden Crown немесе Western Union сияқты компаниялармен бәсекелеседі. Салалық заңдағы сөз тіркесінен бөлек, салалық жағынан біркелкі емес пошта қызметтерін біріктіретін басты нәрсе – олардың бір бөлмеде, пошта бөлімшесінде берілуі. Көлік және қаржы компанияларының қарқынды өсіп келе жатқан бәсекесі ескі пошта үлгісін «жарамсыз» етіп, тиімді стратегия іздеуге мәжбүр етеді. Телекоммуникация саласындағы бәсекеден де қосымша түйткілдер туындайды. Қазіргі кезде хаттар негізінен электронды сипатқа ие, ешкіз қағаз хат жіберіп отырмайды.  

Бұған дейін айтқанымыздай, бәсеке, ең алдымен, көптеген компанияларға орын табылатын инфрақұрылымы дамыған қалаларға тән. Ауылдық жерлердегі монополист пошта бөлімшелері өзін-өзі ақтай алмайды және дәл осы филиалдар жекешелендіру кезінде жабылып қалу қаупіне ұшырайды. Филиалдардың жабылуы да жұмыспен қамту мәселесіне: еліміздің негізгі жұмыс берушілерінің бірі – «Қазпочта» АҚ шешімі (2021 жылы жұмыскерлер саны 18 мыңнан астам адам немесе жұмыс күшінің 0,2% құрайды) еңбек нарығына әсер етеді.

Бәсеке мен әлеуметтік ой-пікірлердің біріккен қысымы Қазпочтаны жеке секторда шоғырланған пайдалы қызметі мен мемлекеттік қызметте шоғырланған пайдасыз қызметі бар «шығындар орталығына» айналдырды. Осылайша, Қазпоштаны жекешелендіру мәселесі негізінен жекешелендіруден бөлек, осы қоғамның әлеуметтік, коммерциялық емес функциялары қалай орындалатынын шешуге қатысты мәселе.

Бұл әлеуметтік функцияларды қайта қарастыру қажет екенін ескеріңіз. Егер бұрын қағаз хат әлеуметтік маңызы бар қызмет саналса, қазір ондай құны жоқ. Мұндай статистика жүргізілетін көптеген елдерде электрондық поштаның басым түрі B2C (бизнестен тұтынушыға) пошта жөнелтілімдері болып тұр. АҚШ-та 2021 жылы мұндай жөнелтілімдер бүкіл жөнелтілімдердің 82%-ын құраған.

Жалпы алғанда Қазақстан Республикасындағы жағдай ұқсас деп есептеген жөн. B2C электрондық поштада спам деп атайтын жаппай электрондық хаттардан бастап, өнім каталогтары немесе алынған қызмет үшін шот-фактуралар жібереді.

Қалай болғанда да, мұндай пошта жөнелтілімдерінің әлеуметтік мәні немересінің әжесіне жазған хатымен бірдей емес, ал оларды жөнелтушілердің төлем қабілеті жоғары және оны пайдалы бизнестің бөлігі ретінде қарайды. Поштаның нақты атқаратын әлеуметтік функцияларын мұқият талдау – мемлекет өзінің әлеуметтік мандаты деп санайтын дүниесін қысқартуы мүмкін екенін байқатады. Демек, Қазпошта коммерциялық тұрғыдан тиімді және инвесторлар үшін тартымды болуы үшін қажетті субсидия көлемін азайтады.