Фермер үшін өнімін  ішке нарықтан гөрі экспортқа шығару пайдалырақ

Қазақстан ет одағының төрағасы

 Қазақстан 2022 жылы ет экспортының көлемін 2,9 есеге арттырып, рекордтық көрсеткіш – 28,7 мың тоннаға жеткізді. Бұл туралы өткен аптада өткен Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев айтты.

Министрдің мәліметінше, 2019 жылғы пандемия алдындағы жылы аусылсыз  мәртебе кезеңінде ет экспорты 9,7 мың тоннаны құраған екен.  Оның ішінде Қытайға – 3,6 мың тонна, Ресейге – 2,1 мың тонна және Иранға – 2,3 мың тонна ет сатқанбыз.

Қарашүкеевтің айтуынша, бұл үрдіс биыл да жалғасын табуда. 2023 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша ет экспортының өсімі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,6 пайызды құрады. Бұл ретте Өзбекстанға ет экспорты 134 есеге (0,2-ден 26,2 мың тоннаға дейін), БАӘ-ге 8 есеге (0,3-тен 2 мың тоннаға дейін) өскен. 

Отандық ет экспортының 2,9 пайызға өскенінің көрсеткіші, егер жағдайды іштен алып қарасақ, бұл өте өкінішті көрсеткіш. Мысалы, үшін  1995-96-шы жылдарды Қазақстанның жылдық ет экспорты 400-500 мың тоннаны құраған.  Ол деген сол кезде ет экпорты көрсеткіші кереметтей жолға қойылғандықтан көтеріліп кетті дегенді көрсетпейді. Сол жылдары бұрынғы мал басын ұстап, оларды жем-шөппен қамтамасыз етіп отырған совхоздар мен олардағы  фемалар түгелдей дерлік  тарады. Сәйкесінше,  қолдағы мал басы мен оның етін  арзан бағаға кез-келген елге жаппай сатуға мәжбүр болдық. 

Соңғы  жылдардағы құрғақшылық басқа да жағдайларға байланысты өкінішке орай сол  90 жылдардың ортасындағы жағдай отандық фемерлер үшін қайталанып отыр. Қолындағы малын асырауға жеткілікті жем-шөбі жоқ шаруа мал етін түрлі ет комбинаттарына амалсыз арзан бағаға өткізуде.  Ол ары қарай  әлемдік нарықтағы құнынан біршама төмен бағамен шет елдерге сатылуда. Өзіміз көріп отырғандай көп  жағдайда көршілес Өзбекстанға экпортталуда. Оның да бірнеше себептері бар. Ауылшаруашылығы министрінің ет экспортында Өзбекстанға тиесілі үлес алдыңғы жылдарға қарағанда бірден бірнеше есеге өсті деп есеп беруінің артында осы жағдай тұр.

Осы орайда осыдан екі-үш жыл алдындағы осы саладағы көрсеткіштің біршама төмендеп кеткенін де айта кеткім келеді. 

Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай  төмен болды. Бұл бірінші кезекте сол уақытта пандемияның әлек салғанымен де  байланысты. Қытай мен Ресейдің жабылуы. Одан бөлек көрші Өзбекстан елінің бізден мал өнімдерін алуды тоқтатуы. Дәл осы жылдарда ұрымтал сәтті пайдаланып, шекаралалардан тоқтаусыз өтіп жатқан азық-түлік ретінде  еттің экспортын көтере алғанымызда біздің  фермердің қажетті экспорттық сұранысты қанша мөлшерде болса да қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар еді. Өкінішітісі біздің сол кездегі билік бұл мүмкіндікті пайдалана алмады.

  Ет экспортының артуы ішкі нарықтағы бағаның өсуіне әкелмей ме?,-  дегенге келер болсақ; меніңше олай болмайды.  Бұл жерде өндіру мен сату  сұранысқа тікелей байланысты болып тұр. Қашанда фермер үшін өз малының өнімін  ішке сатуға қарағанда экспортқа шығару пайдалырақ. Бірақ бұл бізде  қиынырақ болып жатады.