
Өзбекстан құрамасының футболшылары мен бапкерлеріне автокөлік сыйға тартылды. Олар Азиядағы іріктеу турын сәтті аяқтап, 2026 жылы өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. BYD қытай компаниясы шығарған 40 автокөлік кілті Ташкентте сейсенбідегі матчтан кейін тарту етілді. Жергілікті футболшылар Катар құрамасын 3:0 есебімен жеңді. Бұл ойын Өзбекстанның турнир кестесіндегі орнына әсер еткен жоқ.…