Қазақстанның қонақүйлері бос тұр

Опубликовано
Қонақүйлерде орналасатын адам саны сирек

Биыл қаңтар-маусым айларында Қазақстандағы қонақ үйлердің басым бөлігі бос тұрған. Тек Батыс Қазақстан облысындағы қонақүйлерден адам аяғы үзілген емес. Қонақ үйлердің жалпы толымдылығы тұрғысынан қарасақ, ел бойынша бұл көрсеткіш 22 пайыз көлемінде қалыптасса, БҚО-да ол 32,8 пайызды құрайды, деп хабарлайды EnergyProm.

Ал республика бойынша ең төменгі көрсеткіш Қызылорда және Түркістан облыстарына тиесілі. Шамамен –19,9 пайыз. Аймақтар бойынша алсақ, Батыс Қазақстан облысынан бөлек, Алматы қаласы (26,5 пайыз) және Шығыс Қазақстан облысында (26,3%) қонақ үйде орналасатын клинеттердің қатары өзгелермен салыстырғанда, біршама жоғары.

Ад Нұр-Сұлтан қаласында қонақүйлердің бірінші жартыжылдықтағы толымдылығы 23,5 пайызды құрады.

Читайте также