2021 жылы қазақстандықтар БЖЗҚ-дан шамамен 2,6 триллион теңге алды

Жарияланды
Қаражат баспана сатып алуға және емделуге жұмсалды

2021 жылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсатында 2,6 трлн астам теңгеге салымшылардың 880 мыңға жуық өтініші орындалды. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның сайы хабарлады.

2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 735 110 өтініші жүзеге асырылды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,5 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,4 млн теңге.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,7%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,4%), Маңғыстау облысының (12,2%) тұрғындары тарапынан жолданған. www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған. Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» және тиісінше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» шағын бөлімдері).

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ болып табылады. Орындалған өтініштердің едәуір (орындалған өтініштердің жалпы санының 95,0%) бөлігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, одан әрі «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3,6%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (1,3%), «Altyn Bank» АҚ (0,05%) және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ (0,03%) арқылы берілді.

Өтініштердің көп бөлігі азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша (түпкілікті есеп айырысу) меншікке тұрғын үй сатып алуға бағытталған – 1,7 трлн теңгеге (жалпы соманың 68%) 344 074 өтініш орындалды. Одан әрі ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеуге (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде) – жалпы сомасы 181,3 млрд теңгеге 117 139 өтініш және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара өтеуге – жалпы сомасы 119,7 млрд теңгеге 98 526 өтініш орындалды.

Сондай-ақ оқыңыз