Air Astana Украинаға ұшатын рейстерді тоқтата тұруы мүмкін

Жарияланды
Ұшақ екі ел арасында балама маршрут арқылы ұшады

Air Astana әуе компаниясы Украинадағы жағдайды мұқият қадағалап отыр, күрт шиеленісіп кетсе екін ел арасындағы әуе рейстерін дереу тоқтатады, деп хабарлады компанияның корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахымов.

«Қазақстан мен Украина азаматтары өз отанына қауіпсіз оралуы үшін Air Astana екі ел арасындағы баламалы маршрут бойынша Атырауға (Батыс Қазақстан) аялдап барып ұшуды жылғастырады» деп атап өтті Әбдірахымов.

Алматы мен Нұр-Сұлтаннан ұшу уақыты өзгеріссіз қалғанымен, Киевке келу және кету уақыты кейінге шегерілген.

Авиакомпания жолаушыларды рейс кестесіндегі өзгерістер туралы SMS-хабарландыру арқылы хабардар етеді. airastana.com сайтында да ақпарат жарияланады.

21 ақпанда кешке Ресей президенті Владимир Путин Украина шығысындағы жікшіл Донецк пен Луганск республикаларын тәуелсіз ел деп мойындады. Ресей президентінің жаңа жарлығында осы елдермен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім жобасын дайындау туралы айтылады. Сондай-ақ, құжатта «Ресей Федерациясының қарулы күштерінің Донецк халық республикасы мен Луганск Халық Республикасының аумағында бейбітшілікті сақтау функцияларын жүзеге асыруы туралы» айтылған.

Канада, Ұлыбритания, Франция және басқа елдер Ресейді Украинаның мемлекеттік тұтастығын бұзды деп айыптады. Қазіргі кезде батыс елдері Ресейге қарсы санкция жариялап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз