Депозиттердің шекті сыйақы мөлшерлемелері сақталады

Жарияланды
Депозиттер мөлшерлемесі бекітілдіү Фото: shutterstock.com

Теңгедегі депозиттер бойынша 2023 жылдың сәуіріне қарасты шекті мөлшерлемелер өзгеріссіз қалып, наурыздағы мәндік деңгейінде сақталды. Ұлттық Банк 27 ақпанда базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыруына байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры осындай шешім қабылдаған.

«ҚДКБҚ екінші деңгейдегі банктер өзінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы өз бетімен шешім қабылдайтындығына назар аударады. Осыған байланысты банктер өзінің өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға іштей баға бере отырып, өзінің депозит өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол Қор бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін», делінген хабарламада.  

Депозиттердің түрі мен мерзімділігіне сәйкес шекті мөлшерлемелермен мына кестеден танысып шығуға болады: 


Депозиттің санаты
Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %Толықтырылатын депозиттер бойынша, %
НаурызСәуірНаурызСәуір
Мерзімсіз депозиттер16,316,316,316,3
Мерзімді депозиттер
3 ай17,317,316,816,8
6 ай17,317,316,816,8
12 ай14,814,814,514,5
24 ай10,710,710,510,5
Жинақ депозиттер
3 ай18,318,317,817,8
6 ай18,318,317,817,8
12 ай16,916,915,715,7
24 ай14,314,313,513,5

Бұған дейін банктің сенімді екенін қалай анықтауға болатыны жазған едік. Былтыр ЕДБ депозит портфелі 21,5 пайыз өскен.

Сондай-ақ оқыңыз