S&P Global Қазақстандағы бірқатар қаржы ұйымының рейтингін растады
S&P Global қазақстандық жеті қаржы ұйымының рейтингін «тұрақты» деп растады. Рейтинг агентігі өз баяндамасында макроэкономикалық және геосаяси факторлар қысым көрсеткен 2022 жылы қазақстандық банк секторы қиындықтарға төтеп бергенін жазады.
S&P Global Қазақстан банк жүйесінің тұрақтылық көрсеткіштері жақсарғанын және активтерді басқару да сақтықпен жүргізілгенін атап өткен.
Tengenomika арнасының сарапшылар ЕДБ жүйесіндегі жұмыс істемейтін қарыз (NPL) үлесі 2015-2020 жылдар аралығындағы деңгейден әлдеқайда төмен екеніні айтады.
Қазақстандағы бірқатар ЕДБ тұрақтылық көрсеткішін қайта қарау аясында S&P Global Қазақстан үшін банк саласының мемлекеттік тәуекелдерін бағалауды (BICRA) «8» тобынан «9» тобына, негізінен Қазақстанда жұмыс істейтін банктердің көрсеткішін «b+»-дан «bb-»-ге дейін көтерді. Ел банктері үшін экономикалық және салалық тәуекелдер «тұрақты» деп бағаланған.
Бірақ айта кететін жайт, қазақстандық жалпы жүйелік BICRA баллының жақсаруы «Қазақстандағы бүкіл банктерге қатысты емес, талдау тек елдің жеті қаржы ұйымының нақты несиелік сипаттамаларын қамтиды.
- «Халық Банкі» АҚ («ВВ+/В» рейтингі расталды)
- Kaspi bank АҚ («BB/B» рейтингі расталды)
- «Банк ЦентрКредит» АҚ («В+/В» рейтингі расталды)
- «Forte bank» АҚ («BB-/B» рейтингі расталды)
- «Нұрбанк» АҚ («В-/В» рейтингі расталды)
- «Bank Freedom Finance Kazakhstan» АҚ («В/В» рейтингі расталды)
- «OnlineKazFinance» микроқаржы ұйымы» АҚ («В-/В» рейтингі расталды).
Қазақстан банктерінің тұрақтылық рейтингін S&P Global-мен қатар, Moody’s және Fitch Ratings те растаған.