Kaspi.kz акциялары дивиденд туралы жаңалықтан кейін Лондонда 3,1%-ға өсті

Жарияланды


Kaspi.kz финтех-тобының Лондон қор нарығындағы (LSE) құнды қағаздары дүйсенбі күні, 17 сәуірде 3,1%, $73,4-ке дейін өсті. Инвесторлардың көңіл-күйі компания акционерлерінің дивидендтер төлемі туралы шешімінен кейін көтерілді.
Компанияның Қазақстан қор биржасына (KASE) жіберген ақпараты бойынша, 2022 жылға бір акция үшін 600 теңге көлемінде дивиденд төленбек. Төлем 10 сәуірден басталды деп хабарлады финтех-тобы.
Kaspi.kz өткен жылғы таза кірісі 40% — 620 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Айналыста компанияның 190,35 млн акциясы бар екенін ескеретін болсақ, дивиденд төлемінің толық сомасы 114,2 млрд теңгені құрауы қажет. Демек, дивиденд төлеміне компания таза кірісінің 18,4% жібереді.
Kaspi.kz ірі акционерлері арасында Baring Vostok қорлары (28,15%), Михаил Ломтадзе – 24,54% және Вячеслав Ким – 23,34%.

Сондай-ақ оқыңыз