Bank of China АҚШ санкцияларына байланысты ресейлік банктермен операцияларды тоқтатады
Қытайлық Bank of China-ның ресейлік еншілес ұйымы «Бэнк оф Чайна» АҚШ-тың SDN тізіміндегі ресейлік банктермен операцияларын тоқтатады.
Бұған дейін қаржы ұйымы Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасында юаньмен төлемдер жүргізіп келген.
Банк басқа серіктестермен жұмысты жалғастырады. Сарапшылардың пікірінше, Қытай банкі төлем трафигінің айтарлықтай бөлігін құрайды. Дегенмен ол қазір банктік емес делдалдарға бағдарлана бастаған.
«Бэнк оф Чайна» 24 маусымнан бастап АҚШ-тың SDN тізіміндегі ресейлік банктерден юаньмен төлемдерді өңдеуді тоқтатады», – деп хабарлады «Коммерсант» басылым.
Банк санкция салынбаған несиелік ұйымдармен жұмыс істеуді жалғастыратынын хабарлады.
Аталған қаржы ұйымы Ресей нарығында Қытай банктерінің еншілес ұйымдары арасында активтері бойынша екінші орында (2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 592,4 млрд рубль) болды. Expert RA агенттігінің мамыр айындағы рейтингтік ақпаратында атап өтілгендей, банк «халықаралық есеп айырысу нарығында тұрақты позицияға» ие.
«Ресей нарығы үшін бұл жақсы жаңалық емес. Төлемдерді өңдеу уақыты жағынан ұзаққа созылып, құны жағынан қосымша шығындар артады», – деп жазды басылым.
Еске сала кетсек, 12 маусымда АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Мәскеу биржасын (MOEX брендімен жұмыс істейтін) SDN тізіміне енгізді. Бұл оның америкалық банктер мен депозитарийлердегі шоттарын бұғаттауды, сондай-ақ АҚШ азаматтары мен тұрғындары үшін ынтымақтастыққа тыйым салуды білдіреді.
Сонымен қатар компанияның SDN тізіміне енуі оның бүкіл серіктестеріне қайталама санкция қаупін тудырмайды. Тек еншілес ұйымының меншікті капиталының 50 пайызын иеленсе, шектеу енгізілуі мүмкін.
АҚШ ресейлік алюминий, мыс және никель импортына тыйым салды.