«Реал Мадрид» табысы 1 млрд еуродан асқан алғашқы футбол клубы болды

Жарияланды 24 Шілде 2024 12:15

(жаңартылды 24 Шілде 2024 13:07)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

«Реал Мадрид» клубының табысы молайды / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Мадридтік «Реал» футбол клубының бір жылдық кірісі – 1, 07 млрд еуроны құрады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Реалдың» жылдық табысы, трансферді санамағанда 1,073 миллиард еуроны құрады. Бұл алдыңғы жылымен салыстырғанда 230 миллион еуроға өскен. Мадридтіктердің таза пайдасы 16 миллион еуроны құрады. Клубтың өзінің құны 574,1 миллион еуроға бағаланып отыр, бұл 2022/23 маусымынан 16 миллионға артық.

2023/24 маусымының қорытындысы бойынша «Реал Мадрид» футбол клубы Испания біріншілігінің чемпионы атанды, сондай-ақ Чемпиондар Лигасы мен ел Суперкубогын иеленді.

Сонымен қатар клуб басшылығы «Сантьяго Бернабеу» стадионын қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Клуб 2023/24 қаржы жылы ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізді. 2024 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша, қаржы жылының жабылу күні бизнес салаларын дамытуға байланысты аймақтар VIP аймақ, мейрамханалар, дүкендер құрылысы әлі де жалғасып жатыр және 2024/25 қаржы жылында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, мадридтік «Реал» 2023 жылы ең қымбат клуб атанған «Манчестер Ситиден» атақты қайтарып алды.

Сондай-ақ оқыңыз