Юлдуз Усманова Мақпал Жүнісованың әндерін орындағысы келетінін айтты

Жарияланды 20 Қазан 2026 10:59

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: видеодан скрин

Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова Алматыдағы концертінде Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісовамен кездесті, деп хабарлайды Kursiv LifeStyle.

Концерт барысында екі елдің танымал әншілері жүздесіп, жылы лебіздерін білдірді. Кездесуде Юлдуз Усманова Мақпал Жүнісованың шығармашылығына қызығушылық танытып, оның әндерін орындағысы келетінін айтты.

Айта кетейік, Юлдуз Усманова – Өзбекстанның танымал әншілерінің бірі. Ол қазақ тыңдармандарына да кеңінен танымал.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова Тұрар Ыдырыспен бірге ән айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз