Тоқаев Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына бармайды

Жарияланды 24 Шілде 2024 16:47

(жаңартылды 24 Шілде 2024 17:01)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

Тоқаев Олимпиаданың ашылу салтанатына бармайды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс кестесі бойынша Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайды. Бұл туралы «Курсивке» Ақорданың баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шыққан.

Ақорда президенттің биыл қай жерде демалатыны туралы әлі хабарлаған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Париж-2024 жазғы олимпиадасына спорттың 25 түрінен 92 лицензия жеңіп алды. Ел намысын қорғауға барлығы 80 спортшы аттанды.

Сонымен қатар лицензияларды ұтып алғандардың көбі алматылық спортшылар – 17, Астана қаласынан – 15. Шымкент пен Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 10 жолдамадан жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы сапында ең жас спортшы 17 жасар Батырхан Төлеуғали Таэквондодан бағын сынайтын болса, ең жасы үлкен спортшымыз 37 жасар Эльмир Алимжанов семсерлесу спорт түрінде өнер көрсетеді. Сондай-ақ құрама сапында 4 бірдей Олимпиадаға қатысқан Владислав Яковлев ескек есуден қатысады. Қазіргі құрама сапында Олимпиадада көк туымызды желбіретіп, атын шығарған спортшымыз да бар. Ол дзюдошы Елдос Сметов 2016 жылы Риода күміс медаль иеленсе, 2020 жылы Токиода қола медаль алды, биыл Олимпиада ойындар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан олимпиада құрамасына Мемлекеттік туды тапсырып, сәттілік тілеген болатын. 

Қазақстандық 5 телеарна Париж-2024 жазғы Олимпиадасын тікелей эфирде көрсетеді. Қазақстандықтар «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарынан көре алады.

Сондай-ақ оқыңыз