ҚНРДА Abu Dhabi Commercial Bank-ке банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім берді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Abu Dhabi Commercial Bank PJSC (ADCB) банк тобына банк холдингі мәртебесін алуға келісім берді. Сонымен қатар еншілес ұйымы – «Islami Bank Al Hilal» АҚ акцияларын 100 пайыз иеленуге рұқсат алды.

ADCB Біріккен Адаб Әмірліктерінің банк секторында активтері бойынша үшінші орында тұр. Қаржы ұйымының түпкілікті бақылаушы акционері – БАӘ үкіметі.

2024 жылдың 1 қаңтарына ADCB активтері 155,2 млрд доллар, несие қоржыны 85,6 млрд доллар, меншікті капиталы 19,5 млрд долларды құраған.

Бұған дейін Al Hilal Ислам банкі ребрендинг жасап, бөлшек қызметті қысқартатыны хабарланды. 1 шілдеден бастап Al Hilal-дің бүкіл төлем карталары бұғатталған. Есесіне банк корпоративтік қызмет көрсетуге басымдық бермек.

Abu Dhabi Commercial Bank-тің (ADCB) Қазақстандағы еншілес ұйымы – Al Hilal шариғат талаптарына сай корпоративтік қаржылық қызметтерді көрсетуге бағытталған ребрендинг жасайтынын мәлімдеді.

Бұл қадам ADCB-ге аймақта исламдық банкинг хабын құра отырып, Орталық Азиядағы өз позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты банк 1 шілдеден бүкіл төлем карталарын бұғаттады.

Al Hilal – Қазақстан мен ТМД-дағы алғашқы ислам банкі. Ол 2010 жылы Қазақстан Республикасы мен БАӘ үкіметтері арасындағы келісім бойынша шариғат қағидаттарына сай банктік өнімдер мен қызметтерді ұсыну мақсатында құрылған. Бұл қаржы институты БАӘ-дегі ең ірі банк тобының бірі – Абу-Даби Коммерциялық Банкі (ADCB) тобына кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз