2 тамыз күні Париж Олимпиадасының басталғанына бір апта болды. Ұлттық олимпиада комитеті бүгін, 2 тамызға арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынды. Қазақстандық спортшылар 7 спорт түрінен сайысқа шығады.
Бокстан шаршы алаңға Қазақстан құрамасынан үш спортшы шығады. Сондай-ақ қазақстандық жеңіл атлеттердің қатысуымен алғашқы жарыстар өтеді.
Ескерту: жарыс кестесі Астана уақытымен көрсетілген
Стенд ату, ерлер
12.30 – Эдуард Ещенко
Академиялық ескек есу. Е финалы
12.54 Владислав Яковлев
Дзюдо,78 келіге дейін әйелдер арасында
13.00 – Камила Берликаш
Жеңіл атлетика, әйелдер арасында
13.15 – Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева
Жүзу, 100 метр, ерлер арасында
14.00 – Адильбек Мусин
Семсерлесу. Командалық сын
16.00 – Қазақстан – Венгрия
Бокс, ерлер арасында 1/4 кезеңі
20.22 Нурбек Оралбай – Мурад Аллавердиев (Азербайджан)
Батуттық гимнастика, ерлер арасында
21.00 – Данил Мусабаев
Бокс, әйелдер арасында 1/8 кезеңі
23.32 – Карина Ибрагимова – Эшлиянн Лосада Мотта (Пуэрто-Рико)
Бокс, ерлер арасында 1/4 кезеңі
00.20 – Сакен Бибосынов – Хасанбой Дусматов (Узбекистан)
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Париж Олимпиадасындағы бокс төрешілеріне қатысты шағым түсірді. Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жекпе-жегінің нәтижесіне шағымданған.