Шекарасыз шахмат: Болгарияның атақты шахматшысы даму ерекшелігі бар балалармен сеанс өткізді

Жарияланды 3 Тамыз 2024 20:44

(жаңартылды 5 Тамыз 2024 09:56)
post.authors.0.name

Unknown Author

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

3 тамызда Astana IT University қабырғасында дамуында ерекшелігі бар балалармен бір мезгілде ойнайтын шахмат сеансы өтті. Іс-шара осы күндері Астанада өтіп жатқан рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионатына орайластырылды.

«Балаларға арналған сеансты Болгария шахматшысы, әйелдер гроссмейстері Нургюл Салимова өткізді. Ойын тақтасының алдына дамуының ерекшелігі бар 12 бала жиналды. Диагноздарына қарамастан (көру, есту қабілетінің бұзылуы бар, аутистік спектрі бұзылған, БЦС, жүрек ақауы бар және т.б.) балалар шахматқа құмарлығын және жақсы ойнай алатынын көрсетті», – деп атап өтті шахматшы. 

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

«Мен үшін бұл қызық тәжірибе болды. Бүгін біз шахматтың адамдарды біріктіретініне және әркім сөйлей алатын тіл екеніне тағы да көз жеткіздік. Балалардың біреуімен тіпті тең ойын болды. Ойын мен эмоциялар үшін рахмет», – деп мәлімдеді Салимова. 

Нургюл – шығу тегі түрік атақты болгар шахматшысы. Шахматпен 4 жасында айналыса бастаған ол екі жылдан кейін өзінің алғашқы турнирінде ойнады, дәл сонда жаттықтырушы Живко Жеков оның ерекше қабілетін байқап, онымен осы күнге дейін бірге жұмыс істеп келеді. 2015 жылы Салимова 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті. 2017 жылы болгар шахматының бүкіл тарихындағы әйелдер арасындағы ең жас ел чемпионы атанды, ал 2019 жылы әйелдер арасындағы гроссмейстер және ерлер арасында халықаралық шебер атағына ие болды. 2021 жылы Әйелдер арасындағы әлем кубогының финалисі атанды.

Қазақстан шахмат федерациясының алдына қойған миссияларының бірі – инклюзивті қоғам құруға және барша адамның арасында шахматты кеңінен насихаттауға үлес қосу. Осы мақсатпен KazChess мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған турнир мен сеанстарды жиі өткізеді.

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Осы ойынмен қатар Astana IT University кең, жарық залында әйелдер арасындағы гроссмейстер, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова да бір мезгілде ойнайтын шахмат сеансын өткізді. Онымен ойнаған университет студенттері лайықты қарсылас болып шықты. Студенттер өздері білім алып жатқан оқу ордасының шахмат клубына мүше болумен қатар, шахматты жастар арасында насихаттап жүр. Айта кетеніні, рапид және блиц бойынша биылғы командалық әлем чемпионатында Гүлмира Дәулетова құрамына Бибісара Асаубаева, Дәрмен Садвақасов, Алдияр Аңсат және Қазақстан мен шетелдің басқа да танымал ойыншылар кірген KazChess командасының капитаны.

Сессияға қатысушылардың барлығы KazChess-тен естелік сыйлықтар алды және аты аңызға айналған шахматшылар Магнус Карлсен және Дин Лижэньмен кездесу мүмкіндігіне ие болды. Балаларға Командалық чемпионатқа билеттер табыс етілді. KazChess ұйымы қолдау көрсеткені және іс-шараны ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін университетке алғысын білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыз