Әнші Тоқтар Серіков Самат Смақовтың кішіпейілділігіне тәнті болды

Жарияланды 22 Қазан 2026 15:46

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
Самат Смақов
фото: Instagram/Kazakhstan Football Federation

Танымал әнші Тоқтар Серіков футбол бапкері Самат Смақовтың мәдениеттілігіне таңырқады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Тоқтардың айтуынша, Самат Смақов – қазақ елінің маңдайына біткен арда ұл.

«Ала доппен алысып жүріп, арманына жеткен мықты азамат. Бір үлкен іс-шарада жолығысып қалдық. Не деген кішіпейіл, не деген мәдениетті азамат. Бір топырақта туғаннан кейін бе, әңгімеміз де жарасымын тапты. Футболға бір қатты жанкүйер де емеспін», – деді Тоқтар Серіков.

Дейтұрғанмен, Тоқтар Серіковтың айтуынша,  біздің елдің жігіттерінің әрқайсысы осал емес.

«Аман бол елдің еңселі ұлы. Өзіңді қазақ даласындағы әр қазақтың баласы жақсы көреді», – деп жылы лебізін білдірді әнші.

Айта кететін жайт, жұлдызды жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева халық арасында кең танымал. Екі жұп та марапаттан кенде емес. Қос жұлдыз да – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері.

Сондай-ақ оқыңыз