Салтанат Нүкенова қайтыс болған мейрамханада өнер көрсеткен «Ирина Кайратовна» тобы сынға ілікті

Жарияланды 6 Тамыз 2024 15:13

(жаңартылды 6 Тамыз 2024 15:27)
post.authors.0.name

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Салтанат Нүкенова қайтыс болған мейрамханада өнер көрсеткен «Ирина Кайратовна» тобы сынға ілікті / коллаж kursiv.media (instagram.com/aitym и instagram.com/lion_terrace), бильд-редактор: Денис Андреев

Экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкенованы өлтірген мейрамханада өнер көрсеткені үшін белгілі «Ирина Кайратовна» тобы сын астында қалды.

Hola News басылымының ақпаратына сүйенсек, Салтанат Нүкенова қайтыс болған BAU мейрамханасының орнына жаңа мейрамхана ашылып, оның ашылу салтанатында «Ирина Кайратовна» өнер көрсеткен. Желі қолданушылары топтың осы әрекетін сынға алды. Алайда екінші бір тарап топты жақтап, «әлемнің әр бөлігінде адамдар қайтыс болып жатқанын» жазуда.

Астанадағы гастро орталықта орналасқан BAU мейрамханасы атауын Zima.ast деп өзгертіп, жұмысын жалғастырған. Салтанат Нүкенова қайтыс болған VIP-бөлме жұмыс кабинеті болып өзгерген.

Айта кетейік, бұған дейін BAU мейрамханасы мен гастро орталықтың иелері қатарында Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова бар болған. Zima.ast Нұрлыбаеваның құрылтайшылар құрамынан шығарылғанын жазды. Алайда біраз уақыттан кейін бұл жазба жойылған.

Еске сала кетейік, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы BAU мейрамханасында экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен ұсталды. Президент Бишімбаевтың ісін ерекше бақылауға алуды тапсырған болатын.

Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі 13 мамырда шықты. Сот үкімімен Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бишімбаев жасаған қылмыс қауіпті қылмыстың рецидиві деп танылды. Байжанов аса қауіпті қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталды. Қазір Бишімбаев қауіпсіздігі жоғары түрмеде отыр.

6 тамызда Бишімбаев пен Байжановтың ісі Жоғары сотқа келіп түскен.

Сондай-ақ оқыңыз