БЖЗҚ-дан ақша шешіп алуға түскен өтініштер саны 64%-ға өсті. Оған қандай факторлар ықпал етті?

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
БЖЗҚ-дан алынған сома 81%-ға өсті / Архив kursiv.media

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметтері бойынша, шілдеде жалпы сомасы 72,1 млрд теңгеге 62,7 мың өтініш орындалды. Маусым айымен салыстырғанда өтініштер саны 64%-ға, өтініштер сомасы 81%-ға өсті.

Шілдеде БЖЗҚ-дан жалпы шешіп алған қаржының 40,5 млрд теңгесі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалды. 20,8 млрд теңге емделуге бағытталды.

«Бұл өсім маусым айының соңында басталған зейнетақы алуды қандай да бір жолмен шектеу қажеттілігі туралы пікірталас аясында тіркеліп отыр. Содан кейін Еңбек министрлігі бұл идеяны жалпы мақұлдап, қазақстандықтардың болашағына алаңдаушылық білдірді», – деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро.

Еске сала кетсек, Үкімет кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова сарапшылар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражатты мерзімінен бұрын алуға тыйым салуды ұсынғанын айтты. Маусымда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуды тоқтатуға қатысты Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ арнайы есептеулер жүргізетінін хабарлады.

Ал шілде айының соңында Денсаулық сақтау министрлігі бұл салада нақты шараларды ұсынды. Енді департамент стоматологиялық қызмет үшін ақша алуды уақытша тоқтатпақшы.

Сондай-ақ оқыңыз