Шетелге көшіп кеткендер сол елде зейнетақы алмайтынын растап отыруы қажет

Жарияланды 10 Қараша 2026 16:47

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: shutterstock

Шетелге көшіп кеткен зейнеткелер Қазақстаннан зейнетақы алуы үшін көшкен елінде зейнетақы алмайтынын жыл сайын растап отыруға тиіс. Қолданыстағы заңнамаға осындай өзгеріс енгізілмек, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Құрылтайға шетелге тұрақты тұруға көшкен азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру тәртібін нақтылайтын заң жобасы енгізілді. Әлеуметтік кодекске енгізілетін бұл түзетулер шетелде тұрып жатқан Қазақстан азаматтарына мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін беру шарттарын реттеуді көздейді.

Жаңа заң жобасына сәйкес, шетелде тұратын азаматтарға зейнетақы төлемдерін аудару үшін олар тұрып жатқан мемлекетінде дәл осындай зейнетақы алмайтынын жыл сайын растап отыруға тиіс. Егер құжат уақытылы ұсынылмаса, бұл зейнетақы төлемін тағайындаудан бас тартуға немесе уақытша тоқтатуға негіз болуы мүмкін.

Бұл заңнамалық бастама Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 18 мамырдағы № 79-НҚ нормативтік қаулысының негізінде әзірленді.

Өз қаулысында Конституциялық Сот Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген өзге де талаптарды сақтаған жағдайда, ел аумағында тұрақты тұру мемлекеттік базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы тағайындаудың міндетті шарты бола алмайтынын нақтылаған.

Айта кету керек, бұған дейін қос азаматтығы бар және заңсыз жолмен зейнетақы алып келген зейнеткерлерді мемлекеттік бюджеттен алған қаражатты кері қайтаруға мәжбүрлейтіні туралы хабарланған.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 28 трлн теңгеге жуықтап қалды. Оның басым бөлігін Ұлттық банк басқарады.

Сондай-ақ оқыңыз