Halyk Bank-тің қырғызстандық бұрынғы еншілес құрылымы атауын өзгерткенімен, қазақстандық бизнеспен байланыста болғысы келеді
Halyk Bank-тің бұрынғы еншілес құрылымы – Халық Банкі Қырғызстан атауын өзгертіп, енді O!Bank деп аталады. Шешімді компания акционерлері 12 тамызда қабылдаған.
«O!Банк екі ел арасындағы бизнесті дамытуды қолдай отырып, «Қазақстан Халық Банкімен» берік әріптестік қарым-қатынасты сақтауға ниетті. Банктің атауын өзгерту процесі Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдарында және Қазақстан Ұлттық банкінде тиісті рәсімдерді өткізгеннен кейін аяқталады», – делінген банктің мәлімдемесінде.
Банк хабарламасына сәйкес, «O!Банк» «О!» микрокредиттік ұйымының құрамына кіреді. Қазір онда «О!Ақша» төлем жүйесі мен «О!Базар» электронды маркетплейсі бар.
18 сәуірде Halyk Bank Қырғызстан Халық Банкінің 100% акциясын Visor International DMCC инвестициялық тобының құрамына кіретін консорциумға сатқаны белгілі болды.
Маусым айының соңында Қырғызстан Халық Банкі Директорлар кеңесінің басшысы және Visor басқарушы серіктесі Алмас Чукинмен мәміле сомасы шамамен 38 млн долларды құрағанын хабарлады.
Visor мажоритарлық акционері Айдана Кәрібжанов. Forbes тізімінде Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің арасында 45-орында. Ол Visor арқылы Greencity KZ, Northern Wind Kazakhstan, Aua Energy, Aspan Energo, Sarma Energy компанияларының үлескері болған. Олардың барлығы жел электр станцияларынан электр энергиясын өндірумен айналысады.