FlyArystan тағы дауға қалды: Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта қабағын жарып, әуе компанияның үстінен арыз түсірді

Жарияланды 14 Тамыз 2024 10:44

(жаңартылды 15 Тамыз 2024 12:22)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта қабағын жарып, әуе компанияның үстінен арыз түсірді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

FlyArystan әуе компаниясы тағы дауға қалды. Бұл жолы белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының қабағы жарылып, әуе компанияның үстінен арыз жазды. Болған оқиға туралы Сұлтанқызы өз Instagram парақшасында бөлісті.

«Мен FlyArystan компаниясының үстінен арыз жаздым! Бүгін, 13 тамыз күні, кешкі 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім. Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлады. Сөйтіп көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Бұл FlyArystan әуе компаниясының қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ. Меніңше, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе, жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

FlyArystan әуе компанияның мәліметінше, экипаж тарапынан бортта алғашқы медициналық көмек қобдишасы жоқ екендігі туралы ақпарат болған жоқ. Сондай-ақ ұшақтың бортында белгіленген стандарттарға сәйкес жабдықталған алғашқы медициналық көмек қобдишаларының үш түрі бар екенін айтады.

Ләйлә Сұлтанқызына қатысты медициналық қызметкерлерді шақырғанға дейін, жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда жолаушы дәрігерлерді күтуден бас тартты.

Жолаушы Ләйлә Сұлтанқызынан шынайы кешірім сұраймыз және тезірек сауығып кетуін тілейміз. FlyArystan борттағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады, өйткені біздің басты құндылығымыз – жолаушыларымыздың қауіпсіздігі, делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Орал қаласына ұшпақшы болған егіз қыздардың біреуін кіргізбей әуе-компания дауға қалған еді. Бұл оқиға резонанс тудырған соң, FlyArystan әуе компаниясының басшысы Ричард Леджер қыздың анасынан кешірім сұраған еді.

Сондай-ақ оқыңыз