Блогер Айжан Байзақованың інісі «Дикий Арман» қылмыстық тобына қатысы жоқ екенін айтты

Жарияланды 16 Тамыз 2024 10:57

(жаңартылды 17 Тамыз 2024 00:04)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Айжан Байзақованың інісі «Дикий Арман» қылмыстық тобына қатысы жоқ / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Белгілі қазақстандық блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов «Дикиий Арман» деген атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобына қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Бұл жайлы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Мені қылмыстық топты қаржыландыру, сондай-ақ бопсалау күдігі бойынша ұстады. Мен ешқандай бопсалауға және қылмыстық топқа қатысым жоқ. Маған жамандық тілейтіндердің барлығына жақсылық тілеймін», – деп жазды Байзақов.

Еске сала кетейік, 7 тамызда арнайы операция кезінде «Дикий Арманның» қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен 15 адамға тергеу жұмыстары басталған. Тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратурамен бірлесіп Алматы және Шымкент қалаларында бір уақытта «Дикий Арманның» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі болуы мүмкін 15 адамды ұстап, тінту шараларын жүргізген.

Полиция ақпаратына сүйенсек, топтың жетекшісі Арман Жұмагелдиев пен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, топтың басқа мүшелері бостандықта заңсыз әрекеттер жасауды жалғастырған. Тінту кезінде атыс, травматикалық және суық қару тәркіленіп, барлық күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған.

2023 жылы қыркүйекте Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» қатысты сот басталды. 

Сондай-ақ оқыңыз