Jusan Bank-тің экс-басшысы Halyk Bank-тің Қырғызстандағы бұрынғы еншілес ұйымының директорлар кеңесіне кірді
Jusan Bank-тің бұрынғы басшысы Арман Мангитов «Халық Банкі Қырғызстан» ААҚ директорлар кеңесінің құрамына енді.
Қырғыз банкінің директорлар кеңесіне Мангитовтан басқа тағы екі жаңа мүше – Пол Эндрю Голдфринчи пен Симеон Андреас Мунтер сайланды. Бұл туралы ақпарат Қырғыз қор биржасының сайтында пайда болды.
Айта кетейік, Арман Мангитов 2024 жылдың 1 наурызына дейін Jusan Bank-ті басқарды. Осы банкте жалпы алғанда 7 айдан сәл астам уақыт жұмыс істеді. Мангитов уақытша техникалық миссиямен – жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету және ортамерзімді перспективада қызметтің перспективалық бағыттарын анықтау үшін шақырылғанын атап өткен еді. Jusan Bank-ке келгенге дейін Мангитов алты жылдай ресейлік ВТБ банкінің қазақстандық еншілес ұйымы басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
Жаңа кеңес құрамында мыналар бар: Алмас Чукин, Дмитрий Зайка, Нұрсұлу Ахметова, Асқар Сыдықов, Арман Мангитов, Пол Эндрю Голдфрич және Симен Андреас Мюнтер.
Halyk Bank-тің бұрынғы еншілес құрылымы – Халық Банкі Қырғызстан атауын өзгертіп, енді «O!Bank» деп аталады. Шешімді компания акционерлері 12 тамызда қабылдаған. Банк хабарламасына сәйкес, «O!Банк» «О!» микрокредиттік ұйымының құрамына кіреді. Қазір онда «О!Ақша» төлем жүйесі мен «О!Базар» электронды маркетплейсі бар.
18 сәуірде Halyk Bank Қырғызстан Халық Банкінің 100% акциясын Visor International DMCC инвестициялық тобының құрамына кіретін консорциумға сатқаны белгілі болды.