Toyota-ның әлемдік өндірісі алтыншы ай қатарынан қысқаруда

Жарияланды 29 Тамыз 2024 14:11

(жаңартылды 29 Тамыз 2024 16:45)
post.authors.0.name

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Toyota-ның әлемдік өндірісі алтыншы ай қатарынан қысқаруда / Reuters/Benoit Tessier, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Шілде айында Қытай мен Таиланд нарықтарының құлдырауына байланысты осы елдердегі Toyota Motor өндіріс көлемі төмендеген. Reuters ақпаратына сүйенсек, шілде айындағы құлдырау көрсеткіші 2024 жылғы маусымға қарағанда аз.

Шілде айында Toyota өндірісі 2023 жылдың осы айымен салыстырғанда 1% төмендеп, 804 мың 610 автокөлікті құрады. Бұл ретте Қытайда өндіріс 6%, ал Таиландта 13% қысқарды.

АҚШ-тағы сатылымдар 2023 жылмен салыстырғанда сауда күндерінің аздығына байланысты 5% төмендеді.

Қытайда жергілікті автомобиль өндірушілердің электромобильдер мен гибридтерге ауысуына байланысты шетелдік автомобиль брендтеріне қысым жалғасып, Toyota Motor көрсеткіштері де төмендеді.

Қазақстанда автоөнеркәсіп өндірісі де қысқарған. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша шілдеде Қазақстанда авто өндіру көлемі 2023 жылғы шілдедегі нәтижелермен салыстырғанда 41,3% төмендеді. «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) деректері бойынша 2024 жылдың жеті айында Қостанайда Allur компаниясы 42 802 бірлік техника өндірді, 17,9% төмен. Алматыда Hyundai Trans Kazakhstan және Hyundai Trans Almaty кәсіпорындарында 25,4% төмендеу көрсеткішімен 21 827 жеңіл және коммерциялық автомобиль шығарды.

Семейде СемАЗ және Daewoo Bus Kazakhstan зауыттарында 3 136 бірлік коммерциялық техника шығарылған. Көрсеткіш 2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда 33,7% өсті. Қарағанды облысында QazTehna өндірісі 25,3%, 762 бірлікке дейін өсті. Көкшетауда КАМАЗ-Инжиниринг 23,2% төмендеу көрсеткішімен 524 бірлік коммерциялық техника өндірді.

Модельдер бойынша Қазақстанда ең көп өндірілген: Hyundai Tucson -12 172 бірлік, Chevrolet Cobalt – 11 826 бірлік, Kia Sportage – 6 185 бірлік, Hyundai Elantra – 3 335 бірлік және Jetour X70 – 3 206 бірлік.

Globaldata консалтингтік компаниясының мәліметтері бойынша, шілде айында әлемдік автокөлік нарығындағы сатылым жалпы 0,8%, 7,05 млн жеңіл машиналарға дейін төмендеді. Шілде айында автомобиль сатылымы бойынша әлемдік көшбасшы Қытай болды, бірақ 2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда 9% төмен. Батыс Еуропа елдерінің автокөлік нарықтары шілде айында өткен жылмен салыстырғанда 0,1% қысқарды. Дегенмен Шығыс Еуропа елдерінде автомобильдер сатылымы 12,9% өсті.

Еске сала кетсек, Қазақстандықтардың сүйікті Toyota Camry-ін өзге үш бренд басып озды. 

Сондай-ақ оқыңыз