
Қазақстандық танымал тревел-блогер BYDASTAN атымен белгілі Дастан Мұхамедрахым әлемге әйгілі футбол жаттықтырушысы, мадридтік «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуриньомен кездесті. Ол кездесуден түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Блогердің айтуынша, бұл кездесу оның Қазақстанды әлемге танытуға бағытталған жаңа жобасы аясында өткен.
Дастан бұған дейін әлеуметтік желіде Coca-Cola компаниясына Қазақстанда шығарылған сусынды әлемдік аудиторияға таныстыру туралы ұсыныс жасағанын көрсетеді. Оның айтуынша, бұл бастамаға компания өкілдері қызығушылық танытқан.
Айта кетейік, португалиялық Жозе Моуриньо – әлемдегі ең танымал футбол жаттықтырушыларының бірі. Ол әр жылдары мадридтік «Реал», «Челси», «Интер», «Манчестер Юнайтед», «Тоттенхэм» және «Рома» клубтарын жаттықтырған.
Бұған дейін, Дастан АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлымен бірге Моңғолия тауларына саяхаттаған еді.