Lesha Bank «Bereke Bank» акционерлік қоғамының 100% акциясын сатып алуға рұқсат алды

Жарияланды
Bereke Bank
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы «Lesha Bank LLC-ке (Public) «Bereke Bank» акционерлік қоғамының банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім берді.  Оған қоса еншілес ұйым – «Bereke Bank» акционерлік қоғамын сатып алуға рұқсат етті.

Агенттік мәліметі бойынша Lesha Bank – шариғат нормаларына сәйкес қызметін жүзеге асыратын банк. Оның Qatar Financial Center Regulatory Authority-дің 2010 жылғы 30 маусымдағы банк операцияларын жүргізуге, оның ішінде депозиттерді қабылдауға, қарыз операцияларына, инвестициялармен операцияларға, ұжымдық инвестициялар қорын басқаруға лицензиясы (рұқсаты) бар.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Lesha Bank активтері $2,05 млрд, меншікті капиталы $0,4 млрд, капиталының жеткіліктілік коэффициенті 16,9%-ды құрайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша банк $26,5 млн, ал 2024 жылдың 6 айында – $15,5 млн таза пайда алды.

«Bereke Bank» АҚ Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері арасында активтерінің мөлшері бойынша 9-шы және несие портфелінің мөлшері бойынша 7-ші орынды иеленеді. 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктің активтері 2 248 млрд теңгені, меншікті капиталы 173 млрд теңгені құрайды. Банк белгіленген, оның ішінде капитал және өтімділік жеткіліктілігін қоса алғанда, пруденциялық нормативтерді сақтайды.

20 мамырда Қатарлық инвестициялық банк Bereke Bank-ті сатып алу бойынша мәміле жасағанын хабарлады. Тиісті ақпарат Қатар қор биржасының сайтында жарияланды. Мәміле сомасы 65 млрд теңгені құрады.

2024 жылдың ақпан айында Bereke banк-ті Қатардан келген инвестор сатып алатыны белгілі болды. Қатар инвест банкі Lesha Bank «Бәйтерек» холдингімен Қазақстандағы банкті сатып алу туралы алдын ала келісім жасасқан. 

Сондай-ақ оқыңыз