Bereke bank пен Tele2 операторы қатарлық инвесторларға қыркүйекте толық сатылуы мүмкін
Bereke bank пен Tele2 байланыс операторын («Мобайл-Телеком Сервис»ЖШС) қатарлық инвесторларға сату жөніндегі келісім қыркүйектер толық аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс отырысында ҚР Премьер-Министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді. Алайда екі компанияның инвесторларға қаншаға сатылып жатқанын нақтыламады.
«Келісім аяқталуға таяу», – деген министр компаниялар инвесторларға нарықтық құнынан қымбатқа сатылатынын жеткізді.
ҰЭМ басшысы Мәжіліс қарауына «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын ұсынды. Бұл келісімде қазақстандық жобаларға қатарлық компаниялардың қазақстандық жобаларға инвестиция салу шарттары жазылған.
Бұл келісім Қазақстанған 20 млрд доллар көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Жалпы 9 инвестжобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Министрдің айтуынша, Tele2 операторын Qatar Power International холдингіне сату жөніндегі мәміленің қаржысы түскен. Сонымен қатар Байбазаров байланыс саласына қатарлық инвестордың келуі телекоммуникация саласын ырықтандыру және бәсекелестіктің өсуіне ықпал ететініне сенімді.
Бұған дейін Цифрлық даму министрлігінің басшысы Жаслан Мәдиев операторға иелік ететін «Мобайл Телеком Сервис» компаниясын 1 млрд долларға бағалаған болатын. Ал компанияға иелік ететін «Қазақтелеком» қаржы есебінде АҚ Tele2 мен Altel-ді сатудан 536 млрд теңге алуды жоспарлап отырғанын жазған.
Ал Bereke bank-тің жалғыз акционері – «Бәйтерек» холдингі соңғы есебінде банкті 2,063 трлн теңгеге бағалаған. Алайда бұл сома қатарлық инветор төлейтін қаржыдан 32 есе көп. Қатарлық Lesha Bank қазақстандық қаржы ұйымын 65 млрд теңгеге сатып алмақ.