Астанада Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты арнайы автобустар қатынайды

Жарияланды 12 Қыркүйек 2024 17:37

(жаңартылды 12 Қыркүйек 2024 17:37)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 13 және 14 қыркүйек күндері «Астана Арена» стадионында Димаш Құдайбергеннің екі концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлылығы үшін қалада арнайы автобустар қатынайды, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, концерт өтетін орынға дейін арнайы автобустар бірнеше жинақтау нүктелерінен қатынайды. Бұл көрермендердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жолдағы кептелістердің алдын алу мақсатында жасалады.

Автобустар «Салтанат Сарайы», «Хазірет Сұлтан мешіті» және «Бас мешіт» аялдамаларынан сағат 17:00-ден бастап жүре бастайды.

Сонымен қатар, әкімдік концерт өтетін жерге жеке көліктермен кіруге шектеу қойылуы мүмкін екенін ескертті. Арнайы автобустармен жүру үшін көрермендер концертке арналған билеттерін көрсетуі қажет.

Сондай-ақ оқыңыз